Мағынасын түсініп үйрен
Формуланың қалай жұмыс істейтінін ұғынып, шешімнің әр қадамын түсінуге назар аударамыз.
EVEREST ONLINE ACADEMY
Математика мен Физиканы тереңдетіп оқытатын онлайн білім беру бағдарламасы.
Тақырыпты түсіну, есеп шығару және білімді қолдану — бір жүйелі оқу бағдарламасында.
Бағдарлама тақырыпты меңгеру, есеп шығару және білімді бекіту қадамдарын байланыстырады.
Формуланың қалай жұмыс істейтінін ұғынып, шешімнің әр қадамын түсінуге назар аударамыз.
Үй тапсырмалары мен деңгейлік есептер арқылы үйренген тәсілдерді қолдануға жаттығамыз.
ҰБТ пакетіне қарай айына 8 немесе 12 сағат тікелей эфир: есеп шығару, сұрақтар және күрделі тақырыптарды талдау.
Үй жұмысын мұғаліммен талдап, қате кеткен қадамдарға қайта ораламыз. Тапсыру тәртібі топқа хабарланады.
Математика, логика және физиканы түсінікті тілмен үйрететін ұстаздарымыз.
Математика, математикалық сауаттылық және логика пәндерінің мұғалімі · Everest Online Academy негізін қалаушы
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Al Farabi UBT» негізін қалаған, «Зерделі» оқу орталығында даму директоры қызметін атқарған. BOOSTER оқу орталығында физмат және ҰБТ кафедраларын, методология бөлімін басқарған.
Оқушыларын НЗМ, БИЛ, РФМШ және ҰБТ-ға дайындайды. ҰБТ математикасынан оқушыларының орташа нәтижесі — 38–40 балл. Ұлттық тестілеу орталығының бекітілген комиссия құрамында жұмыс атқарған.
Негізгі ұстанымы — формуланы жаттатумен шектелмей, логикалық ойлауды дамытып, есепті түсініп шығаруға үйрету. «Қазақ математикасын қолдау» жобасында қазақ тіліндегі сапалы математикалық материалдар дайындайды.

Физика пәнінің мұғалімі · педагогика ғылымдарының магистрі
М. Өтемісов атындағы университетті физика мамандығы бойынша үздік бітірген. Ақтау НЗМ-де сабақ берген, қазір Астанадағы International Steppe School мектебінде жұмыс істейді.
Шәкірттері — облыстық және республикалық олимпиадалар мен жобалық конкурстардың жеңімпаздары. Сабақта сыни ойлау мен есептің шешу жолын түсінуге мән береді.
ҰБТ пакеттері 10–11 сыныптарға арналған. Айлық жоспар: видеосабақтар, тікелей эфир және ай соңындағы сынақ ҰБТ.
Тақырыптарды өзіңе ыңғайлы уақытта оқып, қажет тұсын қайта қара.
Сабақта үйренгеніңді тапсырмалар арқылы бекіт.
Таңдаған пакетіңе қарай айына 8 немесе 12 сағат мұғаліммен есеп талдап, сұрақтарыңа жауап ал.
Курсқа қосылар алдында сізге қажет негізгі ақпарат.
Қай жерден бастау керегін бірге анықтаймыз.
Емтиханыңа сай бағдарламамен таныс. Тапсырма үлгісі арқылы оқу тәсілін байқап көр.
Таңдаған курсыңа жазылып, оқуға қосыл. Курсқа қолжетімділікті әкімші бекітеді.
Жеке кабинетіңнен өзіңе ашылған материалдарды көр. Түсінгеніңді есеппен бекіт.
Авторлық тапсырмалар · Әр тестте 5 сұрақ · Оңай деңгей
Бағытты таңдап, байланысыңызды қалдырыңыз. Қабылдау мен сабақ кестесі нақтыланғанда хабарласамыз.
Өтінім қалдыру — курс сатып алу немесе төлем жасау емес.
10–11 сыныптарға: айына 16 видеосабақ, 8 сағат тікелей эфир және ай соңында сынақ ҰБТ. Математикалық сауаттылық тегін қосылады. Бағасы мен кестесі қабылдау кезінде нақтыланады.
Қабылдау мен төлем тәртібі мектеппен келісілгеннен кейін әкімші сізге аккаунт ашып, курсқа қолжетімділік береді. Сайт арқылы автоматты төлем әзірге қосылмаған.
Толық сабақтар мен курс бағдарламасы сол курсқа рұқсаты бар оқушының жеке кабинетінде ашылады. Ашық бетте математика мен физикадан НИШ / БИЛ және ҰБТ бағыттарына арналған оңай деңгейдегі авторлық тесттер бар.
Курсқа рұқсаты бар оқушы жеке кабинеттің «Үй жұмысы» бөлімінде жауабын мәтін немесе файл түрінде жібере алады. Тексеру күйі, баға мен мұғалім пікірі сол жерде көрсетіледі.
Сайтты телефоннан да, компьютерден де ашуға болады. Видеосабақ үшін тұрақты интернет қажет.
Нақты балл немесе грантқа кепілдік берілмейді. Нәтиже бастапқы білімге, тұрақты дайындыққа және тапсырмаларды орындауға байланысты.
10–11 сыныптарға: айына 16 видеосабақ, 8 сағат тікелей эфир және ай соңында сынақ ҰБТ. Математикалық сауаттылық тегін қосылады.
Математика мен физикадан кешенді дайындық: айына барлығы 20 видеосабақ және тесттер, 12 сағат тікелей эфир, ай соңында сынақ ҰБТ. Математикалық сауаттылық тегін қосылады.
5–6 сынып оқушыларына арналған математика және логика бағыты. Математикалық негізді бекітіп, мәтіндік және логикалық есептерді түсініп шешуге көмектесеміз. Толық бағдарлама, кесте және топ көлемі қабылдау кезінде нақтыланады.